Денисовтіктер спортқа ден қойды

Шаңғы спортының облыстық фестивалі аясында Денисов ауданында жарыс болып өтті. Оған ауданның барлық селолық округтарынан үш жүз-ден астам адам қатысты. Фестиваль жарғысына сәйкес жарысқа қатысушылар жас мөлшеріне қарай бес топқа бөлінді. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер эстафеталық сында күш сынасты._ 2 на 2 колонки
Тартысты өткен жарыста Приреченский селолық округінің командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды денисовтіктер иеленсе,  үшінші жүлде Свердлов селолық округіне бұйырды. Ал жекелеген сында Роман Гизун, Надежда Кабанец, Жандос Жұмақанов, Виктория Китнер, Әнуар Көлбеков, Ольга Абросимова, Арман Жәкенов, Ғалия Ташмұхамедова, Василий Захаров және Елена Демьяненколар біріншілік жеңімпаздары атанды.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓