Бүлдіршіндер бағбаны

Ағын Байтикенова туралы сөз
"Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп" деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Жас балдырғандарымыз үшін сол білімділік, баға жетпес тәрбиеліктің  бастауы  балабақшада емес пе? Тәуелсіз елімізде болып  жатқан игілікті істеріміз балабақша өміріне де  өз өзгерістерін, жаңалықтарын, инновациялық тұрғыда оқыту мен тәрбиелеуді әкеліп жатқандығы аян. Сондай соны жаңалықтармен жұмыс істеп жатқан балабақшаның бірі деп   Қостанай қаласындағы № 7 бүлдіршіндер үйін  айтуға болады.IMG_7686
Баланың өз отбасынан алған тәрбиесімен қатар,  балабақшадағы алған тәлім- тәрбиесі барлық тәрбиенің бастауы десек, қателеспейміз.  Жоғарыда айтып өткен балабақшаға білікті басшы  Ағын Байтикенова жетекшілік жасайды. Ол шын мәнінде еңбектен өз бақытын тапқан жан десек те болады.  Мінезі ашық-жарқын, ажарына көркі сай, қазақ қызының балабақшада  директорлық  лауазымын атқарып жүргеніне  отыз бес жылдан асқан екен. Ал, қазіргі № 7 балабақшаны үздіксіз  жиырма екі жылдан бе-рі басқарып келеді. Еңбегі де елеусіз емес. Атап айтсақ, ҚР "Білім беру ісінің үздігі", "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" медалімен марапатталды.  Сол секілді 2013 жылы облыстық "Біздің директор үздіктің үздігі" конкурсының жеңімпазы, өткен жылы көп жылғы ұстаздық еңбегі үшін Қостанай қаласы әкімінің  "Мерей" дипломы және статуеткасының иегері атанса, биыл Үлкен Халықаралық Энциклопедиясындағы "Білім беру саңлақтары" тізіміне еніп отыр. Ағын Ахмеджанқызына ҚР бойынша  "Қажырлы  еңбегімен жоғары кәсіптік шеберлігі" халықаралық медалі және дипломы табыс етілді.
– Қазіргі кезде балабақшада  үш жүз алпыс бала тәрбиеленуде. Он үш топтың  алты тобы мемлекеттік тілде болса, жеті топ орыс тілінде. Осындай жетістіктерге жетуім әрине, балабақша ұжымында жұмыс істеп жүрген тәрбиешілер мен педагогтардың еңбегінің нәтижесі деп айтсам қателеспеймін. Олардың бір тобын мысалы, А.Әбішева, Л.Жұмабаева, А.Сатымбаева, Ғ.Мирманова, Т.Крупская, М.Нұрмағанбетова, Ж.Ажметбекова, Г.Қабашева атап кеткім келеді. Ұжымымызда сонымен бірге республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген  тәрбиешілерде аз емес. Атап айтсам, "Тәлімі мол тәрбиеші ұстаз" атты республикалық конкурсқа қатысып, бірінші орынды Ж. Ахметбекова, Г.Тортаева, А. Пожарская жеңіп алса,  екінші орынды А.Жанған, үшінші орынға Е.Савенкова ие болды. Ал, Г.Есмағанбетова болса  "Таңдаулы әдістемелік әзірлеме"  номинациясы бойынша үшінші орынды иеленсе, Н.Киевская "Мерекенің ең үздік сценарий" номинациясында екінші орынды жеңіп алды. Осы жетістіктер мен табыстардың барлығы ұжым үшін үлкен абырой емес пе, – деді бізге өз әңгімесінде Ағын Ахмеджанқызы.
Балабақшада білікті педагогтар мен тәрбиешілермен қатар жас мамандар да мысалы, Е.Савенкова, Д. Христофорова, Н.Киевская, И.Энна, А.Исмаилова, Е.Ожмегова  жұмыс істейді. Олар "Білім негізі – балабақшада" деген қағиданы үнемі жадында ұстап, әр жас  балаға жеке мән беріп, өз еңбегінің тәлімгері болуға ұмтылуда. Білікті мамандардың жанында өз шеберліктерін арт-тыру үстінде. Ал, балабақша басшысы А.Ахмеджанқызы болса ұжымындағы көп ұлтты мамандардың іскерлігін, адами қасиеттерін, білімдері мен біліктіліктерін бағалап отырады.  Сонымен  бірге А.Ахмеджанқызы  жаңалыққа жаны құмар, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Жас тәрбиешілер мен тәлімгерлеріне де өзінің біл-генін үйретуден жалыққан емес. Сондықтан да балабақшадағы барлық тәрбиешілер мен педагогтар  уақыттан қалыспай біркісідей жұмыстарын атқарып келеді. А.Ахмеджанқызы қызметте  іскерлік танытса, ал, былайғы тір-шілікте жүрегі нәзік, мейірбан жан, қадірлі ұстаз, аяулы ана, сүйікті әже. Өз ісіне, еңбегіне берік деп  осындай жанды  айтуға болады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓