Жасұландықтар жарап тұр!

Сарыкөл. Ауданның әр мектептерінде «Жас Ұлан» тобы жұмыс істейді. Олар ең талантты, дарынды деген оқушыларынан жасақталған ұйым. Мәселен, Лесной орта мектебі директорының тәрбие-ісінің орынбасары С.Оспанованың басшылығымен жасұландықтар белсенді жұмыстар атқаруда. Мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарды айтпағанда, олар сыртқы ортамен де тығыз байланыста. Әсіресе, аға ұрпаққа құрмет көрсеткенді алдыңғы қатарға қояды. Яғни, жасұландықтар ауылдағы соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлерінің ауласын қардан тазалап, қолдан келген көмектерін көрсетуде.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓