“Ғылым – жастарға”

на_главнуюЫ. Алтынсарин  атындағы  Арқалық  мемлекеттік педагогикалық  институтында "Ғылым – жастарға"  атты жастардың  қалалық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.    
Конференция жұмысына жас ғалымдар, зерттеушілер, институт және колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.
Пленарлық мәжілісте институттың ғылыми жұмыстар және халық-аралық қатынастар жөніндегі проректоры Г.Мұсабекова, бөлім басшысы С.Шәкенова, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры С.Taсмағанбет, Торғай аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Н.Мәжитова, институт студенті Н.Мәмедовалардың баяндамалары тыңдалды.
Алқалы жиында институттың педагогика және филология факультетінің  деканы, ғалым А.Қалиевтың "Торғай ақындарының антологиясы" кітабының тұсаукесері жасалды. Конференцияға ұсынылған 22 еңбек жинаққа енгізілді. 
Сондай-ақ, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, инженерлік секциялары жұмыс жасап, соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Мұрат   ЖҮНІСҰЛЫ
Суретте: конференциядан көрініс.
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓