Шендері жоғарылады

Жақында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында төтенше жағдайлар қызметкерлеріне салтанатты түрде кезекті арнайы шен беру салтанаты өтті.  ҚР ІІМ 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №410 бұйрығына сәйкес өртке қарсы қызмет подполковнигі погоны облыстық департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Толыбай Досмағамбетовке, департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Орынқыз Мендібаеваға берілді.
Департамент бастығы Талғат Кәкімов қызметкерлерге адал қызмет атқаруға және жүктелген міндеттерді лайықты орындауларына тілектес екенін білдірді. Шені өскен  қызметкерлерді лауазымды атақтары үшін әріптестері де құттықтады.
Шұға                      
             ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓