Жұмысшы тобының отырысы өтті

Қостанайда "Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасына сәйкес "Инновациялық экономика" тақырыбында эксперттік топтың кезекті отырысы болып өтті.Онда партияның сайлауалды платформасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру , облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жұмысы талқыланды.Сондай-ақ, өңірлік куратор мен эксперттік топтың үстіміздегі жылға бекіткен жұмыс жоспарлары қаралды.
Жалпы, "Инновациялық экономика" эксперттік тобына мемлекеттік органдардың басшылары, "Тобыл" ӘКК, үкіметтік емес ұйымдардың, зиялы қауым өкілдері, партия жетекшілері енгізілген.
Отырыста облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев өткен жылы атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.
"Қостанай облысы еліміздегі бірден-бір өндірістік аймақ, – деп атап көрсетті ол.  Облыста барлығы 117 ірі және орта өндіріс ошақтары жұмыс істейді. Өткен жылы осы кәсіпорындар 532,5 млрд.теңгенің өнімдерін өндірген. Жан басына шаққандағы физикалық индекс  көлемі  – 100,2  пайызға  тең. Осы  уақыттар  аралығында кәсіпорындар 241,9 млрд.теңгенің өнімдерін шығарды".
М.Сөкітбаевтың сөзінше, 2014 жылы машина жасау, металлургия және азық-түлік өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің ұлғаюының арқасында өндіріс көлемі артты.
Жиында "Тобыл" ӘКК төрағасының орынбасары, инновацияны қолдау және инвестиция тарту орталығының директоры Рамазан Тлеоф өңірдегі кәсіпкерлерді қаржылай қолдау барысына тоқталды.
– 2014 жылы Сарыкөл ауданындағы "Силкин" ЖК 2 млн.теңгенің гранты  ұсынылды.  Ол  желден  электр  энергиясын  өндіретін  қондырғы жасауды қолға алып отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік көмек  "Технологиялық әріптестік жөніндегі Ұлттық агенттік" АҚ арқылы да көрсетіледі, – деді өз сөзінде Р.Тлеоф.
"Тобыл" ӘКК төрғасының орынбасарының айтқанындай, иновациялық гранттар "СарыАрқаАвтоПром" ЖШС-іне де берілген.Жалпы, біздің өңірде инновацияны жаңғыртуға 32 үміткер қатыстырылды.
Эксперттік топтың өңірдегі кураторы Алма Досжанова Жаңашыл  инновацияның тиімділігі, тек технологияға ғана емес, оның қызметіне де тікелей байланысты екендігін атап өтті. Сондықтан қазіргі таңда инновация өндіріс ошақтарымен қатар, білім мен ғылым саласында да ауадай қажет
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓