Кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдауға шақырды

"Нұр Отан" ел азаматтарын, саяси партиялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдауға шақырады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгін партия саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда саяси шешім қабылданған. Б.Байбек пар-тия мәлімдемесін Қазақстан халқына жария етті.
"Қазақстан халқы Ассам-блеясын қолдай отыра кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санаймыз. Мұндай қадамның қазірдің өзінде-ақ Парламентті, Үкіметті, орталық және жергілікті  басқару органдарын тастүйін жұмылдырып, халықтың өміршең энергиясын басты мақсат – Отанымыз Қазақстан Республикасының  гүлденуі мен өркендеуіне бағыттауға жол ашады.
Біздің халқымыз ел тарихының ең бір шешуші сәттерінде болашақ ұрпақ қамы үшін даналық таныта отырып, өз Көшбасшысының төңірегіне топтасу мен бірігудің ең биік деңгейін көрсетті. "Нұр Отан" партиясы барша ел азаматтарын, барлық саяси партиялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдауға шақырады. Бұл біздің ұзақ мерзімді Қазақстан-2050  стратегиясы мен Мәңгілік Ел идеясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, бұдан да қуатты, бұдан да тастүйін бола түсуіміздің тарихи мүмкіндігі", – деді Б.Байбек.
(ҚазАқпарат )
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓