«Бақыт дегеніміз – денсаулық»
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин орта мектебінің 3 -сыныптары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Бақыт дегеніміз – денсаулық» атты сайыс өткізілді. Мұнда Елбасының салауатты өмір салтын сақтау керек деген қағидасы дәріптелді. Сайыс мақсаты зиянды, жат қылықтардан аулақ болуға шақыру. Балғындар «Тазалық», «Салауат» тобы болып екіге бөлініп, сайысқа түсіп, өздерінің алғырлығын, жылдамдықтарын, тапқырлығын, өнерлерін жақсы көрсете біліп, 1-орынды «Салауат» тобы жеңіп алды.