Жолы болғыш жігіттер

Бабы келіскен Бондаренко шаң-ғымен сырғанаудан эстафетаның үшінші кезеңінде 10 шақырымдық қашықтықты еркін еңсеріп, күміс жүлдені жеңіп алды. Алтын жүлде Ресей құрамасының қанжығасына байланды.
Сондай-ақ, Қостанайда шаңғыдан өткен облыстық чемпионатта аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, Александр Шлоссер мен Николай Степиндердің шәкірттері биік шыңнан көрінді.
Қостанайлықтармен қатар өнер көрсеткен біздің құрама II орынды еншіледі. Жекелей сынақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер яғни, үш түрлі дистанцияда Анастасия Бойко көш бастаса, бірінші және екі рет екінші орынды Дмитрий Вакуленко, ал Анастасия Павлютина екінші және екі рет үшінші орынға көтерілді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.