Калу Уче келді

"Тобыл" футбол клубы Нигерия құрамасының шабуылшысы, 29 жасар Калу Учемен бір жылдық келісім-шартқа отырды. Ол 1986 жылы 16 мамырда дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамын нигериялық "Enyimba Aba" командасында бастады.
Бес жылдан кейін талантты жас футболшы түріктің "Caykur Rizespor" командасына жалға берілді. Ол Түркиядағы  "Adanaspor" командасына бірнеше рет ауысты.
Қос команданың сапында да жасындай жарқылдаған шабуылшының трансферлік бағасы 88 мың еуроға дейін көтерілген. Калу Уче Нигерия ұлттық құрамасында екі рет алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 2 доп соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Жалпы, бұл ойыншы 44 рет алаңға шығып,15 рет нысананы дәл көздепті. Алты рет қарсыластар қақпасына гол соғуға жәрдемдескен. Бұл туралы "Тобыл" футбол клубының сайты хабарлады.
Сондай-ақ, өткен жылы "Тараз" командасында ойнаған Олег Недошковский  мен Эстония құрамасының экс-ойыншысы Сергей Мошников те қостанайлық клубпен бір жылдық келісім жасасты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓