Мәулітті атап өтті
Аудан орталығынығ жұртшылығы Мәуліт мерекесін атап өтті. Кеш Қарамеңдідегі Жамбыл орта мектебінде ұйымдастырылды. Ұлық мерекеге арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек аудандағы барша мұсылманды Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтады. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» демекші, аталмыш мейрамның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына аудан әкімі және басқа да мекеме қызметкерлері демеушілік етті. Жиналғандар оларға өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.