Жұмбақтар әлемінде

Жұмбақ – балалар жақсы көретін, кеңінен таралған халық шығармашылығының бірі. Жұмбақ шешу, жауабын табу  арқылы  балалардың  зеректігін тексеріп қана қоймай, ойлау қабілетін дамытады.20150129_103250 Оны шешу барысында бала өзінің  қоршаған заттармен табиғатты салыстыра алады. Сондықтан да аудандық балалар кітапханасы мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту, сана-сезімін, қабылдау әректеттерін  дамыту, білімге деген қызығушылық қасиеттерін арттыру мақсатында «Жұпар», «Балдырған», «Қаламқас» балабақшаларында «Ал, қанеки, шешейік!» атты жұмбақ ойын-саяхатын  ұйымдастырды.
20150129_110710 Бүлдіршін балалар жұмбақтарға жарыса жауап беріп, ойындардың барлық түрлеріне де белсене араласып, тіпті ертегілерді қызыға тыңдады. Сонымен қатар «Әлем халықтарының үздік ертегілері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға көрме  ұнады. Олар «Балдырған», «Айгөлек», «Ақбақай» журналдарын қызықтап, санамақтар, ойындар жинағы  кітаптарын  ашып көріп, бірі-біріне көрсетіп, қызықтады
20150129_111910
Зарина Мұсабаева,
Аманкелді  аудандық  орталық кітапхана меңгерушісі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓