Мәдениетке мән берілуде
Науырзым ауданы. Ауыл мәдениетін көтеру үшін бүгінде бар жағдай жасалуда. Биылғы жылы ауданда бұл салада көп ілгерілеушілік байқалмақ. Ауылдық мәдениет мекемелерін компьютерлендіру және телефондар орнату, аппаратура сатып алу, аудандық мәдениет үйін құруға жобалық-құжаттама әзірлену үстінде. Онымен қоса Шолақсай ауылында мұражай ашу жоспарланып отыр. Аудандағы 10 кітапхананың кітап қоры 172 мың дана. Бұл бір аудан үшін жаман көрсеткіш емес.