Ашық есік күні

ашык есик кундериӨткен аптада ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің  УК 161/11 түзету мекемесінде  сотталушылардың ата-аналарымен қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдері шақырылып, ашық есік күні өтті.
Жыл сайын мұндай ашық есік күні қандай да бір мерекеге орай ұйымдастырылады. Ал бұл жолы ҚР Қылмыстық-атқару және Қылмыстық Кодекстеріне енгізілген өзгерістерге байланысты  өткізіліп отыр.
– Жазасын өтеушілермен олардың туыстары өздерін тол-ғандырып жүрген бірқатар сауал-сұрақтарын қойып жатыр. Ашық есік күніне келушілер сотталушылардың жай-күйімен, ішер ас, күнделікті тірліктерімен танысуға мүмкіндік алды. УК 161/11 түзету мекемесі бұрын қоныс колониясы деген атаумен белгілі болса, қазір бұл қауіпсіздігі төмен мекеме деп аталады. Мұнда жазасын өтеушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мекемеде 4 мың кітаппен қамтылған кітапхана, клуб жұмыс істейді. Асхана, дүкен, дәрігерлік бөлім, монша, кір жуатын орын бар, – деді УК 161/11 түзету мекемесінің аға инспектор-психологы Е.Марченко.
Ашық есік күнінде жазасын өтеушілердің жақындарымен қоғамдық қабылдау комиссиясы мүшелері түзету мекемесінің ішкі өмірімен танысуға мүмкіндік алды. Олар сотталушылардың бөлмелерінен бастап, асхана, жуынатын орындар мен дүкенді аралап көрді. Тіпті асханадағы ас мәзірімен де танысып шықты.
Вера Безкоровайная,
жазасын өтеушінің әжесі:
– Бұл жерде барлық жағдай жасалған екен. Кітапхана, акт залы, сотталушылардың жұмыс істейтін орындарына дейін қарап шықтым. Әрбір жазасын өтеу-шінің бостандыққа шыққан соң өмірін оң жаққа өзгертуіне үлкен себеп болады. 
Шұға                  
   ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓