Тегін оқытылады
Бүгінде өңірдегі барлық тілдерді оқыту орталықтары мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, маңызын насихаттау және оқып-үйренуге деген ынта-ықыласты арттыру, сол секілді шет тілдерін үйрету мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіп отырғаны белгілі.
Ұзынкөл аудандық «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік және ағылшын тіліне үйрету үшін тегін курстар жүргізеді. Тіл кабинеті компьютерлермен, әдістемелік көрнекіліктер, оқу-құралдарымен қамтылған. Курс соңында сертификат беріледі.