Көш басында кеншілер қаласы
Рудный облыстың қалалары мен аудандары рейтингінде бірінші орында тұр. Шаһардың статистика басқармасының басшысы В.Бондаренконың ақпараты бойынша, былтыр өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 236 млрд 408 млн теңгені құрады. Өнеркәсіптің нақты көлем индексі – 97,3 пайыз. Облыстың өнеркәсіп өнімдерінің көлемінде қаланың салыстырмалы салмағы 44,4 пайыз.Ал ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлемі 144,9 пайызды құрайды. Бұған өндірісті ойдағыдай жаңғыртуға кірісіп те кеткен «Жас Қанат-2006» ЖШС,басқа да кәсіпорындардың жетістіктері әсер етті.