Көше иттерінің көзін жойды
Бүгінгі таңда тәгілдіктерді де толғандырған түйіткіл – қаңғыбас иттердің күн санап қаптап кетуі. Бұл туралы ауылдық округ әкімдігіне тұрғындардан төрт арыз келіп түскен.
Әлеуметті әбігерге түсірген өзекті жәйтті біржақты етуге белсенді кіріскен «Ақтаң» аудандық мал дәрігерлік бекетінің қызметкерлері күні кеше 30-ға жуық көше итінің көзін жойды. Бірақ, өкінішке орай, қу түлкідей ептілік танытқан 20 шақтысы қарасын көрсетпей қашып кетті…
Әрине, ит атып, машықтанған мамандар үшін бұл мәселе емес. Олар ұстатпай кеткендерді көп ұзамай қолға түсіріп, көзін жоямыз деп жоспарлап отыр.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы