Депутат сайлаушылармен жүздесті

DSCF1387

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жергілікті тұрғындар мен ауыл, ауылдық округтердің жұртшылығына насихаттап, түсінік жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкмінің жанынан құрылған ақпараттық – насихат тобы жұмыс жасайды.
Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде  №3 Нұрхан сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихатының депутаты Серік Нұрғазин сайлаушыларымен кездесіп, Елбасының “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты  Жолдауындағы мазмұнды мәселелерге тоқталып, кеңінен әңгіме өрбітті. Бұдан кейін халық қалаулысы сайлаушылары алдында жылдық есебін қорытындылап, атқарылған жұмыстарын баяндады. Сайлауалды сайлаушыларының айтқан ұсыныс – пікірлері толық орындалды деуге негіз болмаса да біраз ауқымды істер атқарылған іспетті. Бұл жөнінде аудандық мәслихаттың депутаты Серік Бағдаұлы сөз етті.DSCF1386
Кездесу барысында сайлаушылар тағы бір мәрте ұсыныс – пікірлерін жеткізді. Әсіресе шалғай жатқан біздің аудан үшін қыс айларында жол қатынасы қиындық туғызады. Ақ түтек бораннан кейін ертесіне Арқалық – Амангелді арасындағы тас жол қалын қардан тазарып, айнадай болып тұрады. Біздің Тоқанай мен Торғай арасындағы жолдың қары үш – төрт күнсіз тазартылмайды. Оларда бар техника бізде де бар сондықтан осы мәселеге көбірек көңіл бөлінсе екен деп сайлаушылар орынды ұсыныстарын ортаға салды. Осы мәселенің түбегейлі шешілуі аудандық мәслихаттың депутатына байланысты.
 
                                                                          Байбатыр Ахметбеков
                                                                                  Жанкелдин ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓