Әскери даярлықтарын көрсетті
Рудный қаласының №12 орта мектебінде әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Сайыс нәтижесінде №19 мектептің шәкірттері ең үздік нәтижемен 1-орынды иеленді. №17 және №18 орта мектептің командалары 2-3 орындарды өзара бөлісіп алды.
Атап айтсақ, жарыс «Ұлы Жеңістен 70 сәт» атты қалалық акцияның аясында ұйымдастырылды. Акция аясында 9 мамырға дейін 70 ауқымды іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Қуаныш Сейдоллаұлы