Маяктықтарды мазалаған мәселелер
Сарыкөлде жүргізіліп жатқан есеп беру жиыны Маяк ауылдық округінде жалғасты. Алқалы жиынға арнайы барған аудан әкімі Эльдар Күзенбаев алдымен, ауыл мектебін аралап, пән кабинеттерін көріп, мұғалімдер және оқушылармен тілдесті.

Округ әкімі Серікбай Есенгелдинов өз баяндамасында, өткен жылы ауылда 6 колонка орнатылып, ФАП-ке, әкімдікке, ауыл ішіндегі ойық жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, сондай-ақ, рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылып, су ағатын құбыр трубалары тазартылғанына тоқталды.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Маякта 936 адам тұрып жатыр. Халық үшін жолаушылар көлігі қатынайды. Басқа округтердегідей, бұл жерде де адамдар жұмыспен қамтылған, яғни, жазда 26 адам қоғамдық жұмысқа ораналасқан. Көшелерінде 35 жарықшам жарқырап тұр. Сонымен қатар, ауылда 108 оқушыға тәлім беріп жүрген тәлімгерлердің түгелі-дерлік жоғары білімді мамандар. «Балбөбек» бөбекжайында 2 топ бар, әрқайсысында 15 баладан.

Бұл салмақты сауалдарға жауап беруге тырысқан аудан әкімі түйткілдердің түйінін тарқатуды өз бақылауында ұстайтын болды. Билік басшысының бұл сөзінен соң, маяктықтардың көңілі бір марқайып қалды.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы