“Аға буынға көмек көрсет”

Қамысты ауданы орталығында осындай атаумен ұйымдастырылған акция жалғасып жатыр. Шараның мақсаты – қарт адамдарға ізет көрсетіп, оларға қолдан келгенше көмектесу.
667_4Бастамшыл жастар аға буын өкілдерінің  аулаларын тазалау шарасын ұмыт қалдырған емес. Соның бір көрінісі – 20 қаңтарда аудандық мәдениет бөлімінің маманы Б.Оразов, Жастар бастамалары орталығының әдіскері Б.Жоламанов аудан тұрғыны В.Оцербиктің ауласын қардан аршып берді. Қарт ананың алғысын алған жастар акцияның әлі де жалғаса беретінін айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓