Әзірге тұмау тіркелген жоқ
Өңірде тұмау дертіне шалдыққандар анықталған жоқ. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
Жалпы, өткен жылдың қараша айынан бастап облыста өткір респираторлық жұқпалы инфекцияны 14 504 адам жұқтырған. Оның ішінде 1028 жағдай бір жасқа толмаған балалар арасында тіркеліп отыр. Және 97 жүкті әйел инфекцияға іліккен. Дәрігерлер ауа райы құбылмалы кезде суық тигендер саны арта түсетіндігін айтады. Сондықтан, тұрғындарға мұндай қауіпті кезеңдерде өз денсаулықтарына сақ болуды ескертеді.