Шеберліктерін іспен дәлелдеді
Рудный қаласында өрт сөндіру қызметі құрамының жүргізушілері арасындағы облыстық жылдам маневр жасау бойынша жарыста 24 команда «өрт сөндіру автомобильдерінің ең үздік жүргізуші» атағына бақ сынасты.
Жеке есеппен М.Шегебаев облыстың өрт сөндіру көліктерінің үздік жүргізушісі атана отырып, бірінші орынға ие болды, жалпы командалық есеп бойынша да кеншілер тұрғыны жеңіске жеткен. Олар грамоталар, сыйлықтар және Кубокпен марапатталды.