Қысқы спартакиада қызықты өтті

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының спорттық сауықтыру кешенінде дәстүрлі "Денсаулық – 2015" қысқы спартакиадасы өтті.
IMG_1577 Спартакиаданың салтанатты ашылуында институт ректоры, география ғылымдарының докторы, профкссор С. Қуанышбаев құттықтау сөз сөйледі.
  Изображение 141Сайысқа институт факультеттері мен ақпараттық кітапхана кешені және қауіпсіздік қызметінен 5 команда бел буды. Профессорлық оқыту құрамы мен олардың әріптестері спорттың: футбол, волейбол, баскетбол, шаңғы эстафетасы, дойбы, дартс, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, көңілді мәре сынды 9 түрінен сынға түсті. Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Г. Сапарғалиева бастаған төрешілер қауымы сайыстың жылдағыға қарағанда тартысты өткеніне тәнті болды. Изображение 205Ең үздік спортшылар ретінде филология және педагогика кафедрасы танылды. Жүлделі екінші орын тарих және өнер факультетінің еншісне тиді. Үшінші орынға  – ғылым және ақпарат факультеті, әкімшілік шаруашылық бөлімі тұрақтады.
 Сайыстың барлық қатысушылары грамотпен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
IMG_1830на главнуюИзображение 118IMG_1895
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓