Үш күндік жол…

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қостанай велосипед қауымдастығы» ҚБ ауқымды велошеру ұйымдастырды.
Қостанай-Әулиекөл-Шолақсай-Қостанай бағыты бойынша жалпы ұзындығы 400 шақырымға созылған велошеру бүгін облыс орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы ескерткіші жанынан бастау алды.
Спортшыларға Мәжіліс депутаты Самат Ақышев сәтсапар тілеп, іс-шараның маңызын айтып өтті.

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, велошеруді ұлт ұстазына арналған ұлағатты бастамалар жыл бойы жалғасатынын тілге тиек етті.

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі. Біздің мақсат – ұлы тұлғаның кім екенін жастарға жеткізу. Осы маршрутты аман-есен жүріп өтуге тілектеспін», – деді Қ.Жақып.

«Сол аяғым протез. Бірақ соған қарамастан былтыр бірінші рет 200 шақырымға жүгіріп көрдім. Енді, міне, 400 шақырымға жетемін деп отырмын. Меніңше, бұл қозғалыс – белсенді өмір көрінісі ғана емес, аралас-құралас ортасы», – дейді ол.
Велошеру үш күнге жалғаспақ. Спортшылар Әулиекөлде бір түнеп, жұма күні Шолақсайға барады. Ол жерде өңірлік университеті оқытушылары жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру және тұлғалық өсу жөнінен тренингтер өткізеді.

Оның айтуынша, тұлғалардың мерейтойына арналған велошерулер Қостанайда дәстүрге айналып барады. 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175, былтыр Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай осындай бастамалар өткізілген еді.

Жолсапарға шыққан велошабандоздар 16 шілдеде Қостанайға оралады.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.