Адам ұрлығы әшкере болды
Рудный қалалық ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірге адам ұрлау дерегі бойынша үш азаматты ұстады, – деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Осы дерекпен арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру шараларын бастады. Тергеу барысында ұрланған ер адамның Астана қаласындағы кредиторлардан ірі көлемде қарыз алып, олардан жасырынып жүргені анықталды.
Полицейлердің айтуынша, үш күдікті ер адамды Қостанай қаласына әкелген. Қала шетіндегі аудандардың бірінде оның қамауда болғаны және одан ақшаны қайтаруды талап етілгені белгілі болды. Күдіктілер оған ақша табуы үшін телефон берген. Ер адам осы жағдайды пайдаланып, әйеліне хабарлама жіберіп үлгерген.
Қазіргі таңда үш күдікті ұсталып, Рудный қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК 125-бабы бойынша (Адам ұрлау) және 126-бабы бойынша ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Мешіт Ғазиз