“Қостанай таңы” – Рудныйда

Кеше кеншілер қаласында   облыстық "Қостанай таңы" газетінің күндері өтті. Оған қаланың, Қашар кентінің  газет жанашырлары мен оқырмандары, билік өкілдері қатысып, ой бөлісті.
Басқосуда қала әкімінің орынбасары Мақсұт Досболов, қаланың құрметті азаматы Әлсабыр Дәрменбаев, №7 қазақ мектебінің директоры Қымбат Бірманова және басқалары сөз сөйледі.
Журналистер газеттің болашақ жоспары, бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы кеңінен әңгімелеп берді. Бұл кездесу туралы толық есепті газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓