Басқарма өз жұмысын қорытындылады
Жақында облыстық дін істері басқармасының кеңейтілген отырысында басқарманың өткен жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен биылғы жылға арналған мақсат-міндеттері айқындалды. Басқосуға облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері, сонымен қатар діни және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Аталған басқарманың басты қызметі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен қоғам ішінде толерантты діни сана-сезімді қалыптасыруға негізделеді. Басқарманың ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауының арқасында жер-жерлерде дін мәселелері жөніндегі 72 ақпараттық топтардың жұмыстары ұйымдастырылып, олардың құрамына мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, дінтанушылар мен теологтар кірді.
БАҚ беттерінде дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша түрлі жарияланымдар мен баяндамалар жарық көрді.
Сөз соңында Н.Нөгербеков басқарманың Қазақстан мемлекеттілігінің зайырлылық қағидаларын күшейту бағытындағы жұмыстарын одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аудару керектігін айтты.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ