Облыста тағы екі басқарманың құрылымы жанданады
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында халық қалаулылары бұған дейін республикалық ведомствоға тиесілі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және жерді қорғау, пайдалану мен бақылау басқармаларын енді тікелей облыс әкімдігіне қарайды деп шешті.
Сондай-ақ, өңірде азаматтық хал актілерін тіркейтін (АХАЖ) орынның да осыған сай мәселесі қаралды. Әділет министрлігіне қарайтын бұл мекеме бұдан кейін қала, аудан әкімдерінің құзырына өтіп, жергілікті жер әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі қатарына кіреді.
Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) басқармасына өңірдің өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелерінің қызметі берілсе, табиғатты пайдалану басқармасына тағы да қосымша 21-ге жуық қызмет жүктелді.
Бұл ақпараттың барлығын мәжіліске қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Евгений Аман тәптіштеп түсіндіріп берді. Енді әкімдіктің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын да жеткізді.
Нұрболат
МЕШІТБАЕВ