Үлгі көрсеткен елші

590x400-SarybaicredentialsҮстіміздегі жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Любляна қаласында Словения Республикасының  Президенті Борут Пахорға Сенім грамоталарын табыс етті" деп жазады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат словен көш-басшысына Президент  Нұр-сұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізген. Қ.Сарыбай Қазақстанның екі ел арасындағы инвестициялардың кеңеюіне мүдде-лілігін, словениялық компаниялардың қатысуы үшін тиімді алаң болып табылатын Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көр-месінің маңыздылығын баса атап өтті. Сонымен қатар, "Нұрлы Жол" жаңа экономикалық саясаты мен индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңі словения компанияларының ҚР индустриалдық жобаларына қатысуына жаңа серпін беруі туралы айтты.
Өз кезегінде, Б.Пахор Қазақстан Президентінің жылы лебізіне алғысын білдіріп, Люблянаның қазақстан-словен қатынастарына үлкен мән беретінін жеткізді. Словения Президенті екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, оны дамытуда айтарлықтай әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Ерекше назар екі ел арасындағы ғылыми және мәдени алмасулар мәселелеріне бөлінді.
Кездесу соңында Словения Президенті Б.Пахор Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін білдіріп, Елбасына ыңғайлы уақытта ресми сапармен Словенияға келуге шақырыпты.
Айта кететін жайт, шетелдік басшымен кездесу барысында Қайрат Сарыбай басқа шенеу-ніктерге үлгі боларлық бастама көрсетіпті. Елші сенім грамоталарын Б.Пахорға қазақтың ұлттық киімін киіп тұрып тапсырған. Бұны шетелдіктер арасында ұлтымыздың ерекшелігін асқақтатқан игі іс деп бағалауымыз керек.
Қыдырбек ҚИЫСҚАНҰЛЫ.
Сурет ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан алынды.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓