Қазақстанға кіргізуге рұқсат етілген автокөліктер
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен машина әкелуге ешқандай шектеу жоқ. Енді кедендік рәсімдеу, акциз жән қосымша құн салығын төлеуді қажет етпейді. Бұл туралы kolesa.kz сайтына сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.
Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне кірмейтін (АҚШ, БАӘ, ЕО, Оңтүстік Корея, Жапония, т.б) мемлекеттерден автокөліктер әкелген кезде міндетті түрде 2007 жылғыдан ескі болмауы қажет.
Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне кірмейтін (АҚШ, БАӘ, ЕО, Оңтүстік Корея, Жапония, т.б) мемлекеттерден автокөліктер әкелген кезде міндетті түрде 2007 жылғыдан ескі болмауы қажет.
Сондай-ақ, Еуро – 4 экологиялық стандартына сәйкес әрі рөлі сол жақтан басқарылатын машиналар ғана елге кіргізіледі. Ал, оң жақтан басқарылатын машиналардың кіруіне мүлдем тыйым салынған.
Сонымен қатар, кемі бір қауіпсіздік жастығы, Isofix балалар орындығы, күндіз жүру шамдары және иммобилайзер міндеттелген. Кедендік баж (көлемі 3 литрден жоғары қозғалтқышты машиналарға) акциздер мен ҚҚС (12%) талап етіледі.