Жүргізушілер қандай жағдайда куәлігінен айырылады?
Қазақстандағы әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты жаңа кодекс полицейлердің қандай жағдайда жүргізуші куәлігін тартып алатынын жариялады. Жаңа заңға сәйкес, төмендегі жағдайларда жүргізуші куәлігі тартып алынады:
– 590 бап, 4 бөлім "Көліктік құралды қолдан жасалған немесе жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізу";
– 596 бап, 3 бөлім "Жол ережесі бойынша рұқсат етілмеген жағдайда, жолдың қарсы бетіне шығып кетсе, жүргізуші куәлігінен айырылады";
– 606 бап, 2 бөлім "Жол ережесін сақтамай, жол апатына әкеліп, әкімшілік айыптаулардан қорытынды шығармаса, полиция жүргізуші куәлігін алуға құқылы";
– 608 бап "Көліктік құралды алкогольді ішімдік ішкен немесе есірткі шеккен күйде жүргізгенде және көлік жүргізуді алкоголь ішкен немесе есірткі шеккен адамға ұсынған кезде куәліктен айырылады";
– 610 бап, 2 бөлім "Көліктік құралды жүргізу кезінде денсаулыққа жеңіл зақым келтірсе немесе көлік пен басқа да заттарға нұқсан келтірсе, жүргізуші куәлігінсіз қалады";
– 613 бап "Көліктік құралды тексеруден өткізетін мемлекеттік шекарада және тағы да басқа посттарда Ішкі істер органы қызметкерлерінің (полиция) талабын орындамаса, алкоголь және есірткіні қолданған-қолданбағынын тексеруге бағытталған тестерді өтуден бас тартса куәліктен айырылады";
Жаңа кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.