Жалған құжат жасағандардың ісі сотқа түсті

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, ҚР ҚК 177 б. 3 б. “б” т. және 325 б. 2 б. (ірі мөшлерде жасалған алаяқтық және жалған құжаттарды дайындау) бойынша айыпталған сегіз азаматқа қатысты қылмыстық іс Қостанай  қаласы №2 сотының қарауына түсті.  
0Іс материалдарында көрсетілгендей, азаматша Н. қылмыстық топтың өзге мүшелерімен бірігіп Қостанай қаласында жылжымайтын мүлікті тіркеу ісі бойынша электронды мұрағат жасаған.  Топ құрамында халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы инспекторы С., әділет Департаментінің  қызметкері М. және тергеумен анықталмаған тұлғалар болған. Олар ресми құжаттарға жалған ақпарат енгізген. Мәселен, айыпталушы С. сый алған Ш.-ның атынан сый тарту құжаттарын толтырған және оның атынан Қостанай қаласының 7 шағын ауданындағы пәтерді меншіктеу туралы құжаттар көшірмесін беру туралы арыз жазған. Айыпталушылар С. және К. азамат Б.-ның өтініші бойынша тіркеу ісінде сыйға тарту құжаттарын жалған құжатпен алмастырған. Кейін жалған құжат арқасында пәтерді 2 940 000  теңгеге сатып, қаражатты өзара бөліп алып, қажеттеріне жұмсаған. Әрі қарай көрсетілген негіз бойынша азаматша Н. алдын-ала ұжымдасқан топпен, яғни азаматтар С. және А. сөзбайласу арқылы  бірнеше рет  Қостанай қаласының Центральная көшесіндегі пәтерге ресми  құжаттарды жалған жасап сату арқылы 1470000 теңге өндіріп, ақашаны бөліп өздерінің керек жарақтарына жаратқан.
Іс бойынша басты сот отырысы 19 қаңтарға тағайындалған.
Қарлығаш ОСПАНОВА

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓