Термешілер тартысқа түсті

Меңдіқара аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Алтын орданың 750 және Меңдіқараның 90 жылдығына орай "Меңдіқара – мекені ұлылардың" атты облыс термешілерінің онлайн-байқауы өтті. Ұлттық өнер байқауына Қостанай облысының 12 өңірінен өнерпаз қатысты. 126255128_2442932752680486_4958935569845469368_nӨнер сынының шарты бойынша әншілер екі шығарма орындап, оны бейнежазба түрінде жолдаулары тиіс. Алғашқы терме Меңдіқара ауданының 90 жылдық мерейтойына арналуы шарт, ал екінші терме еркін тақырыпта орындалса болады. Термешілер байқауына қатысуға 12 үміткер өтінім жіберді. Өнерпаздар арасында елге танымал әншілер де, жаңа есімдер де бар. Олардың шығармаларын термешілер мен ақындардан құралған қазылар алқасы бағалады. 
"Термешілердің орындау шеберлігіне ғана емес, таңдалған шығармасының мазмұны, бейнежазбаның сапасы, тіпті сахналық киіміне дейін бағаланды. Жалпы, өнерпаздардың байқауға жақсы дайындалғаны, ізденгендері көрінеді. Әрине, техникалық жағынан олқылықтар да аз кездескен жоқ. Дегенмен үздіктер өздерінің лайықты бағасын алдып сенеміз", – дейді қазылар мүшесі Жаңагүл Жармағамбетова.
Байқау қорытындысы бойынша, Бас жүлдені Қостанай қаласының атынан қатысқан әнші-термеші Қанат Ражанов жеңіп алды. 1-орын Меңдқара ауданының өнерпазы Байдос Қожасағиевке бұйырса, 2-орынды қарабалықтық Қаныбек Әли қанжығасына байлады. 3-орынға Алтынсарин ауданының дарыны Әбдірахман Алпыс лайық деп танылса, арнайы жүлдеге Қостанай ауданының үміткері Еркебұлан Балесов ілікті. Барлық марапат иелері бағалы сыйлықтарға ие болды.126529440_169868504786434_159410037707202688_o

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓