Ауылшаруашылық тауарын өндірушілер 107 млрд. теңгенің өнімін шығарды
Былтыр Қостанай облысының ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер 107 млрд. теңгенің өнімін шығарды, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов.

Инвестжобалар өткен жылы 40 млрд. теңгеден астам өнімін шығаруға жол ашты, – деді Б.Жақыпов. – Индустриализация картасы аясында жүзеге асқан 52 инвестициялық жобаның 33 кәсіпорны жобаның 100 пайыздық қуаттылығын игерді.