ЕАЭО-да 22 жаңа техникалық регламент жасалады
Еуразиялық экономикалық одақта Кедендік одақ аясында қабылданған техникалық регламенттерге қосымша ретінде азық-түліктің әр түрлі түрлеріне 22 жаңа техникалық регламент жасалады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазақстан «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Жем-шөп және жем қоспалары туралы» және «Көмірге және оларды қайта өңдеуге қойылатын талаптар» техникалық регламенттерін дайындайды.
Бұдан басқа, қазіргі кездегі бірқатар регламенттерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Беларусь алты, Қазақстан – екі және Ресей жеті регламентке өзгерістер енгізеді.