Балаларға шаттық сыйлады

Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының күндізгі болу бөлімінде өткен Жаңа жыл мерекесі мүмкіндігі шектеулі балаларға зор қуаныш сыйлады.
 DSCF7903Шараның басты демеушісі – Арқалық медицина колледжінің "ЗЭМ" – Дені сау, шымыр жастар" ұйымы.
  – Облыстық ішкі саясат басқармасының «Облыстың оңтүстік өңірінде ауылдық ҮЕҰ қызметін ұйымдастыру» атты Жобасы аясында өткен әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде колледжіміздің бастамашыл тобы «Біз баршамыз бірдейміз» номинациясын жеңіп алған болатын. Шараның мақсаты – тағдыр теперішін тартқан балаларға бір күндік қуаныш сыйлау. Міне, осы мақсатымызды Жаңа жылда жүзеге асырып жатырмыз, – дейді колледж директорының тәрбие ісі жөнінгі орынбасары Жадыра Мұқанбетқалиқызы.
 Айтса айтқандай Аяз ата мен Ақша қар көрікті шырша жанына жиналған балғындарға дорба толы сыйлықтарын үлестіріп, олардың дайындаған өлең, тақпақтарын тыңдады. 
 
 Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓