Тамылжыған тамаша ән кеші

Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жаңа жыл мерекесіне орай  өткен 80 – 90 жылдардағы ретро ән кеші аудан жұртшылығына көңіл күй сыйлады.
DSCF1567Ауыл жерлерден келіп ән салған өнерпаздар көрермендердің ыстық – ықыласына бөленсе, мемлекеттік мекеме қызметкерлері тамылжыта орындағын әсем әндер тамаша  кештің шырайын аша түсті. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің бишілері сол уақыттағы билерді нақышына келтіріп, билегенде қол соқпаған жан қалмады. Ал мәдениет үйінің кәнігі әншілері ұмыт бола бастаған әндерді орындап, ескірсе де естіген жанның жан дүниесін баурап алатын әуезді әндердің әсерін әрлей білді.
Ән кешінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың атынан аудан тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа құт береке, баянды бақ тіледі.
Ретро ән кешіне қатысқан барлық өнерпаздарға аудандық мәдениет үйінің атынан меркелік сыйлықтар тапсырылды.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓