Арғымағым, айналып кел қайтадан!

Жылым кетіп барады, жылым кетіп,
Жылқы десе бір жанмын жыры жетік.
Дүбірінен даламда шумақталған,
Өмірдің өлшеміне бір сыр бекіп.
 
Жылқы десе жайлау еске түседі,
Жасын дала, жайдары ел көшелі.
Ат үстінде өскен ұлдың бірі едім,
Аламаннан қалмаған еш меселі.
 
Жылым кетіп барады, жылым кетіп,
Жолын тосып жүрермін, ырым етіп.
Жүрегімнен кетпейтін жүйрігімнің,
Жіберейін жанына жырымды ертіп.
 
Жануарым, жасымнан дос болғаным,
Жаратасың көңілімнің хош болғанын.
Жетістікке жылт еткен қолым жетсе
Сенің арқаң бәйгеден бос қалмадым…
 
Қасиетіңді ерте танып байқағам,
Өзің барда мен асқақпын, айтам ән!
Сағынғанда – жырға бөлеп жанымды,
Арғымағым, айналып кел қайтадан!
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓