Әділет департаменті жылды қорытындылады
Жұма күні облыстық әділет департаментінде департамент басшысы Е.Әбдірахмановтың төрағалығымен алқа мәжілісі өтті. Оған департамент басшысының орынбасарлары, аудандық, қалалық әділет басқармаларының басшылары және аумақтық бөлім басшылары, аға сот орындаушылары қатысты.

Құқықтық түсіндіру және халыққа заң қызметін көрсету бөлімі басшысының м.а. А.Исабеков тындаушыларға Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының мақсатын айқындап берді.
Күн тәртібінде әділет департаментінің және аудандық, қалалық әділет басқармаларының үстіміздегі жылдың жұмыс қорытындылары, сот актілерін орындау департаменті аумақтық филиалының 2014 жылдың нәтижесі қорытындыланды.
Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі.