Оқу-жаттығу шаралары басталды
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары!Бүгін, 17 қыркүйекте сағат 12-ден бастап облыс орталығында терроризмге қарсы күрес штабы "Бекет Антитеррор-2022" жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл әрекет ету және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындаудағы практикалық дағдыларын пысықтау.
Осыған байланысты Пушкин-Дулатов-Баймағамбетов-Амангелді көшелерінің шекарасында қозғалыс шектеледі.
Азаматтардан өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарау, қауіпсіздік шараларын сақтау және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы.