Менің әжем
Мен әжемді жақсы көремін. Өйткені, мен әжемнің "баласымын". Оған қатты қуанамын. Ол кісіні ренжітпеймін. Оның жүзінен қашанда күлкіні, қуанышты көргім келеді. Мейірлене "айналдым, қарағым" деген сөздерін үнемі естігім келеді. Әжемнің бар болғанына қуанамын. Кейде теледидардан ата-әжелерін балалары қарттар үйіне апарып тастапты, ата-әжелері немерелерін сағынады, балалары болса да қарамайды екен деген сөздерді естігенде, көңілім құлазып, жабырқап қалады. Неге олай болды, балалары неге қарттар үйіне апарды, кейін ол балалар да, немерелері де ата-әже болмай ма екен деп ойлаймын. Сондықтан қашан да үлкен кісілерді, ата-әжелерімізді құрметтеп, оларды сыйлағанымыз жөн деп ойлаймын. Ата-әжелерімізді қалай қадірлесек, біз де сондай қадірлі боламыз.
Дана ТЫНЫМБАЙ,
№115 орта мектебінің 6-сынып оқушысы.
Қостанай қаласы.