Полиция қару сатып алу акциясын бастайды
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап полиция тұрғындардан атыс және газ қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі кезекті акцияны бастайды.
Тұрғындардан қару сатып алу республикалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі. Сатып алынатын қару тізімі ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы қаулысымен бекітілген №1145 Ережелерде көрсетілген. Полицияға келесі құжаттарды: қару ұстауға рұқсат, жеке куәлігінің көшірмесі және банктік шотын ұсыну қажет.