Жас өнерпаз жүлдемен оралды
Алматы қаласында ҮІІ Республикалық «Менің Отаным Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би байқауы өтті. Конкурсқа Алтынсарин ауданынан Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің 7 «А» сынып оқушысы Е. Рамазанов қатысты. «Эстрадалық вокал» номинациясыда «Өткен күндер», «Цвети весна» әндерін шырқаған жеткіншек байқауда 2-орынды иеленіп, дипломмен марапатталып, лауреат атағын иеленді.