Бір топ бала Елбасының атынан сыйлық алды

Қостанайлық 200 оқушы ҚР-ның Президенті атынан жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысты. Аталмыш іс-шара облыс әкімі Н.Садуақасовтың қатысуымен  қаладағы «Premium Palace» ресторанында өтті.
 
IMG_2853уцЕлбасынын атынан ұйымдастырылатын Жаңа жылдық шырша меркесі жыл сайынғы әдемі дәстүрге айналған.  Оған екінің бірі қатыса бермейді, таңдаулылар ғана ілігеді. Аталмыш мерекеге биыл облысымыздың түпкір-түпкірінен 250 бала келді. Бәрі де 9-15 жас аралығындағы оқушылар. 
Аталмыш іс-шарада Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев LED экран арқылы балаларды келе жат­қан Жаңа жылмен құттықтады. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Жаңа жыл балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Мен сендерді, барша қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Біздің ұлы Отанымыз жылдан жылға өркендеп өсуде. Қазір дүниежүзі Қазақ елін құрметтейді. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Ата-аналарыңды қуанта беріңдер» деп балаларға оқуда озат болуға тілектестігін білдірді. Ұлт Көшбасшысының құттықтауынан соң облыс әкімі Н.Садуақасов та балаларға жылы лебізін білдірді.IMG_2884цу
-Тәуелсіздіктің 23 жылында еліміз биік белестерді бағындырды. Экономика дамып, құрылыс қарқын алды. Облыста жаңа мектептер мен кәсіпорындар пайдалануға берілді. Жуырда ғана біздің облыста Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Соның бәрі сіздер үшін, жас ұрпақтың болашағы үшін жасалуда. Ата-ана, ұстаздарыңыздың мақтаныштары болыңыздар-деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов. 
Жаңа жылдық шырша мерекесінде балаларға Елбасының атынан ноутбук, кітап және басқа да сыйлықтар берілді. Сондай-ақ көршілес Ресейден келген акробаттар мен жергілікті цирк артистері өнер көрсетті.
 
 
 
 

 

 

 

DSCN0619

Мынау суреттегі жеткіншектің аты-Ақжол Молдахметов. Ол Арқалық қаласынан келген. №6 мектептің оқушысы. Ақжол жаңа жылдық шырша мерекесіне спорттағы жетістіктері үшін шақырылыпты. Боксшы жігіт Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынын сыйлық алғанына ерекше қуанды. Болашақта  өзі де Президент болуды армандайды.
 
DSCN0637
Ал мынау кішкентай қыздың есімі-Алтыннұр Ислам. Успенов ауылынан келіпті. Алтыннұр жаңа жылдық мерекеге ханшайымның костюмін таңдапты.
 
DSCN0713
IMG_2896цу
IMG_2829цу
IMG_2875цу
IMG_2831цу
IMG_2889цу
IMG_2897цу
 
IMG_2869цу
IMG_2809цу
 

 

 

 
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓