Ұзынкөл ауданындағы №1 орта мектебінде ата-аналардың бастамасымен «Әкелер кеңесі» атты ұйым құрылып, нәтижелі жұмыс атқаруда.
Тентегін тезге сап түзететін бұрынғы қазақ ауылдарындағы «Ақсақалдар кеңесінің» жүйесімен жұмыс істейтін бұл ұйымға ауданға танымал азаматтар мүшелік етеді. Аталмыш ұйымның білім ордасындағы тәрбие жүйесіне өз үлесін қосып отырғанын айта кеткен жөн.