Даланың дара ұстазы

Үлкен-кішіміздің қай-қайсысымыз болмасын балаларды   білім алуға, ғылым-ілім үйренуге, талаптанып оқуға шақырған  Ұлы Ұстаз Ыбырай  Алтынсариннің
"Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық", – деп басталатын өлеңін  жатқа білеміз.  Ал, сол  өлеңнің  "Бір Құдайға  сиынып" деген  жолын тек  еліміз өз Тәуелсіздігін алған жылдардан бастап қана айтып, қосып жаза бастадық емес пе.  Ұстаздың қай шығармасын алмайық,  мысалы, "Таза бұлақ", "Бай баласы мен  жарлы баласы", "Әке мен бала", "Бір уыс мақта" бәрі де жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, білімділікке шақырады. Бүгінгі  ақпараттық техника заманында да Ыбырай атамыздың шығармалары мәні мен мағынасы, тәлімдік-тәрбие-лік, ағартушылық  жағынан ал-ғанда өзінің маңызын  әлі жойған жоқ. Сонау 1861-1863 жылдары  он тоғыз жастағы Ы.Алтынсарин қазақ балалары  үшін Торғай өңірінде   алғаш рет бір сыныптық мектеп ашу ісін қолға алып, әуелі оның үйін тұрғызудан бастағанының өзі – көзсіз ерлік деп айтуға болады.  Жергілікті халықтан ақша жинап, мектепке керекті материалдар сатып алып, ата-аналардың көмегімен мектеп үйін тұрғызады. Оқу алғаш 1864 жылы қаңтар айында салтанатты түрде ашылып, той жасалады. Ыбырай 14 қазақ баласын оқуға қабылдайды. Олар мектеп жанынан салынған интернатта жатып оқитын болады. Өзінің осы істері   жайында   профессор   Н.Ильминскийге   1864 жылдың қаңтарында жазған хатында былай дейді: "Осы жылы қаңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар…" Міне, осы секілді мәліметтер, деректер облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен мемлекеттік  мұрағатының ұйымдастыруымен   өткен "Ыбырай Алтынсарин мектебінің 150 жылдығы: тарих және қазіргі заман" атты  дөңгелек үстелде  жан-жақты айтылды.
FDI0zrGQ-NwДөңгелек үстел отырысының мақсаты – өңірдің білім және мәдениет мекемелерінде, сонымен қатар отандық және шетел мұрағаттарында Ы.Алтынсарин мұралары туралы кездесетін құжаттық және материалдық дереккөздері жөнінде ақпарат жинақтау екен.
Отырыс аясында  облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Г.Мендекинова,  ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ж.Мақанов, "Тор-ғайдың Жанкелдин  мұражайлар кешенінің" директоры  Г.Сәрсекей, "Ақ Орда" жеке телеарна студиясының редакторы  Г.Бекмұхамедова, ҚазКСР-нің ағарту үздігі С.Мачнева және тағы басқалар сөз сөйлеп, Торғайда алғашқы бастауыш мектепті Ыбырай Алтынсариннің ашқанына 150 жыл толуы – Қостанай өңірінің тарихында қандай орын алып отыр-ғандығын,  облыста осындай маңызды оқиғаға байланысты  бірнеше  жобалардың дайындал-ғаны туралы, Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі,   шығармашылығының   ұрпақ тәрбиесінде  алар орны, маңызы, сол секілді Ы.Алтынсаринді Елбасымыз өзінің "Тарих толқынында" кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің  тұңғыш абызы  деп атағаны, облыстық мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің бастығы Ю.Говорова Татарстан Республикасының (Қазан қаласы) Ұлттық мұрағатында болғанын, онда еліміздің, соның ішінде Қостанай облысының  тарихына Ы.Алтынсаринге, дәрігер М.Қарабаевқа  байланысты құжаттар тапқаны туралы  айтып өтті.  Облыстық білім басқармасы жетекшісінің  орынбасары К.Ибрагимовтың айтуынша, облысымыздағы мектептерде бүгінде "Қазақстан-Қостанай" телерадио-компаниясы және басқарманың бірлесіп жасаған жұмысы – "Алтынсарин сабақтары" тележобасын ұсынып отырғандығын жеткізді. Онда облысымыздың белгілі азаматтары Ы.Алтынсариннің әңгімелерін  оқиды екен, мәселен,  бірінші сабақта облыс әкімі Н.Садуақасов "Бақша  ағаштары" әңгімесін оқыды,  дөңгелек үстелде осы сабақтардан үзінді көрсетілді.  Содан кейін сөз ал-ған ақын А.Шаяхмет еліміздің көрнекті қайраткерлері  М.Әуезов, Е.Омаров өздерінің еңбектерінде  қазақ халқының әдебиеті, білімі мен ғылымының дамуында  Ы.Алтынсарин шығармашылығына берген бағасын айтты.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓