Қайсар Әлім – “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”

Бүгінде республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде қызмет істейтін Қайсар Әлімнің қаламынан 23 кітап туындап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Бұдан басқа 8 томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Ол көптеген марапаттардың иесі – ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика академиясы "Алтын Жұлдыз" сыйлығының және М.Дулатов атындағы сыйлықтың иегері. Сондай-ақ "Ерен еңбегі үшін" медалінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық "Құрмет белгісі" орденінің иегері, Жанкелдин ауданының Құрметті азаматы.
Әріптесімізді осынау жоғары наградасымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.