Керемет көрменің өткені мен бүгіні

Болашақтың Бүкіләлемдік көрмесі
Жалпы, бүкіләлемдік көрмелер – көлемі жағынан болсын немесе жаңашылдығы мен саны жағынан болсын өзіндік бір ерекше құбылыс екендігі даусыз. Бүгінгі таңда бүкіләлемдік көрмеге қатысуға ниет білдірген мемлекеттердің саны  166-ға жетеді. Бұлардың барлығы да аталмыш көрмені өз жерінде, жоғары талапқа сай, барлық сән-салтанатымен өткізуге құштар. Айталық, 2015 жылы Миланда өтетін "Планетаны тойдыру, өмір энергиясы" деген атқа ие көрмеге де үлкен сенім артылып отыр. Ал 2017 жылы Астанада "Болашақтың энергиясы" деген атпен өтетін көрменің орны тіпті де бөлек.
Қосымша бір дерек: 1851-1900 жылдар.Бүкіләлемдік көрмелер ХІХ ғасырда экономика мен сауданың әбден шарықтаған кезінде дүниеге келді. Бұл кезде өнеркәсіп революциясы тұсындағы империалистік Европа бүкіл әлемге қожалық жасап, мәртебесі тасып тұрған.
 
"Хрустальды сарайлар" мен "Машина галереялары"
ХІХ ғасырда индустриялдық ауыл шаруашылық тіршіліктің карнавалдары, жәрмеңкелері мен рыноктары бірте-бірте өнеркәсіптік көрме секілді жаңа формаға ене бастады. Мұндай көрмелер осы көрмені өткізетін ел үшін өз өнімдерін көрсететін және өзінің экономикалық қуатын танытатын  өзіндік бір дүкен сөресіне айналды.
 
Қоғам барометрі
венадагы кормеБүкіләлемдік көрмелердің прогресс пен өнеркәсіптік өрлеудің көрсеткіші есебінде  рөлі арта түсуде, сонымен қатар ол көрмені өткізетін елдің болашақ дамуының кепіліне айналуда.  Мәселен, атақты Эйфель мұнарасы ХІХ ғасырдағы Бүкіләлемдік көрменің символына айналды. 300 метрлік биікке көтерілген адамдар аспанға қалықтап ұшқандай күй кешіп, инженерлік өнердің құдыретіне бас иді. Эйфель мұнарасына көтерілген кез-келген Европа азаматы өзін бүкіл дүниенің қожасы секілді алдамшы сезімнің құшағында тұрды. 
Қосымша бір дерек: 1900-1939 жылдар. Бас-қыншы империялар мен ерекше етек алған ұлтшылдық ауруына шалдыққан халықтар арасындағы бәсекелестіктің ақыры 1914 жылғы бүкіләлемдік көлемдегі әскери жанжалға әкеліп соқтырды. Мыңдаған, миллиондаған адамдардың өмірін соғыс өрті шарпыды.
Орыс революциясы, 1929 жылы басталған Ұлы депрессия, тоталитарлық режимдердің орнауы, демократияға деген сенімнің жоғалуы, жаппай қарулану секілді әрекеттер алда болмай қоймайтын әскери жанжалдың елесін тудырды. Міне осы кезде Бүкіләлемдік көрмелердің әлгіндей қауіп-қатерден бой тасалайтын орынға айналды.
 
Бүкіләлемдік көрмелер –колониалдық машинаның құралы
колониялдык машинаКөрмелер енді колониалдық жүйенің құралына айнала бастады. Географиялар ойдан шығарылды, тарих мүлдем бұрмаланды, колонизаторлар басып алған елдердің халының тіршілігі өзгеше баяндала бастады. 
Олардың табиғатпен байланысы тым дөрекі түрде, шындықтан алшақ сипатталды. Түземдіктердің тіршілігін қала өміріне қарама-қарсы қояды.
 
Инновация
Бұл кезде көркем суреттің авангардтық ағымы барынша дамып, академиялық дәстүрден алшақтай бастағаны байқалды. 1937 жылғы Париждегі көрме сол кездегі бұл өнердің биік шыңға көтерілгендігін айғақтады. Рауль Дюфи "Электр фея" атты панносын, ал Роббер Делоне авиация павиль-онын рәсімдеді.
 
Авангард және қызғылықты көрініс
1904 жылы Сан-Луисте келушілер ең алғаш рет мұз қосылған шай ішті, балмұздақ жеп, тамсанды, жаңа туғандарға арналған инкубаторларды тамашалады. 1939 жылы Нью-Йоркте телевизия саласындағы алғашқы жетістіктер мен алғашқы су турбинасы көрсетілді.
 
Бейбіт уақыт пен жаңару 1958-1970 жылдар
Адамзат екінші дүниежүзілік соғыстан моральдық та, физикалық жағынан да әбден шаршап-шалдығып шықты. Енді олар үшін рухани жағынан жаңарудың қажеттілігі айқын сезіліп тұрды.  Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы сол адамзаттың бейбіт өмір мен прогресске ұмтылуының жар-қын көрінісі еді. Міне бұлар Бүкіләлемдік көрмелерде анық байқалып тұрды.
Алайда осынау жарқын үміт Кореядағы соғыс, қырғи-қабақ соғыс, екі полярлық әлем, ядролық ғасыр секілді қым-қиғаш тіршілікпен үйлесе қоймады. Африка және Азия құрылығындағы езгеге ұшыраған елдер бостандық алды, соның арқасында халықаралық мәселелерге деген жаңа көзқарастар пайда болды. Бүкіләлемдік көрмелер барынша әмбебап сипат алып, барынша кең қанат жайды.
 
Әлемдік қоғамның микрокосмосы
Бүкіләлемдік көрмелер уақытты көңілді өткізетін орынға айнала бастады. Көп ұзамай Монреальда "Ла Ронд"паркі мен Осакада "EXPOLand"паркі бой көтерді. 1967 жылы Монреальда Роман Кройтердің "Лабиринт" атты фильмі көрсетілді. Ол картина авторға 4,5 миллион долларға түскен еді.
Брюссельдегі Атомиумом, Фуллердің геодизиялық күмбезі мен 1967 жылы израиль сәулетшісі Моше Сафли жасаған "Хабитат 67", Сиэтлдегі "Ғарыштық ине" мен Осакадағы "Күн мұнарасы" секілді ғажайыптар адамзаттың жаңалық пен жақсылыққа ұмтылуының жарқын көрінісі болып табылады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓