Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Елбасы 2014 жылды қорытындылап, журналистердің сауалдарына жауап берді.
photo_38554Бірқатар өзекті мәселелерге тоқталған Нұрсұлтан Әбішұлы журналистерге тарих мәселесі мен «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде де сөз қозғады.
«Менің қатарластарым, менен кейін келе жатқандар тек қана Октябрь революциясынан бергі тарихты оқыдық. Біздің халық мыңжылдық тарихы бар екенін білу керек. Ғалымдарды Қытайға да, Иранға да, Ауғанстанға да, басқа да жерлерге жібердім. Екі мың жылға жететін тарихымыз бар. Біздің ұрпақ мұны білуі керек», – деді Қазақстан Президенті.
«Қазақ деген бәрін басынан кешіріп, тілімін, дінін, ұлттығын сақтап қалған керемет халық. Ешқайсысына қосылып кеткен жоқ. Мына тұрған Қазақстан бүкіл тарихтың түп-тамыры. Келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Керей мен Жәнібек те Шыңғыс ханның ұрпақтары. Дегенмен, қазақ болып бөлініп шығып, хандық құрған сол кез», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, тамырың терең болса, қандай дауыл болса да, қасқая көтересің. Елбасы жастарға, біздің ұрпаққа тамырымыз терең екенін ұғындырудың маңыздылығына тоқталды. Халықты «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде топтасуға үндеді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓